15 жастағы қыз өзін зорлаған жігіттің қатаң жазаланғанын талап етеді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қызылордада 15 жастағы жасөспірім өзін зорлаған жігіттің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Оның айтуынша, 21 жастағы колледж студенті оны қорқытып, танысының үйінде бірнеше мәрте зорлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жасөспірімнің айтуынша, жігітпен жазғы демалыста жұмыс істеп жүрген кезде танысқан. Кейін араласып, бір күні таныстарының үйіне бірге барған. Сол жерде алғаш рет зорлық көргенін айтады. Әрі жасы үлкен жігіт арам ойын жүзеге асырғаннан кейін қорқытып, үндемеуге мәжбүрлеген.

- Сол бөлмеде құлыптап алып, менің аяқ-қолымды қатты қысып ұстап зорлады. Содан кейін үйге апарып тастады ол. Сол кезде айтты маған біреуге айтатын болсаң, аямаймын деп. Сосын қорыққанымнан ешкімге ештеңе айта алмадым. Қорқынышпен жүре бердім әрі қарай, – дейді жәбірленуші Информбюро31-ге

Жеткіншек бұл азғындық бірнеше рет қайталанғанын жеткізді. Ал анасы Эльмира Жүсіпбекова есінен тандырардай жағдайды сырттан естіп білген. Сол кезде күдікті әйелдің алдына келіп, кешірім сұрап, қызға үйленгісі келетінін айтқан. Осыдан кейін анасы құқық қорғау орындарына жүгінудің орнына қызын әлгі 21 жастағы жігітке ұзатыпты. «Қатты қателестім, әлі күнге дейін өкінемін» дейді ол. Өйткені одан кейін қыздың көрмеген қорлығы жоқ деп еңіреген.

 

- Түнде жататын кезімде мама түнім ұйқысыз өтеді дейді. Қорқатын едім дейді. Теуіп тастайтын дейді. Белімнен де тепті, жамбасымнан да, ішімнен де тепті дейді. Сол кезде үйінде тұратын бір бала бар екен. Соған ұр мынаны депті. Ол бала да шапалақпен ұрған екен. Соның бәрін ішіп істеп отыр мына бала. Одан кейін қолдарын тілген саусақтарын, – дейді жәбірленушінің анасы. 

Ал полиция тергеу басталғанын, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.