Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Қазгидромет 6 желтоқсанда республика бойынша жеті қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, Оралда, Ақтөбеде, Алматыда, Атырауда, Жезқазғанда, Балқашта, сондай-ақ түнде Астанада ауа сапасы нашарлайды.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.