Димаш Құдайберген туралы альбом-кітап басылып шықты

Сырым Қаржас
dimashnews.com

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен қазақстандық әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолына арналған «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» атты жаңа кітап-альбомды таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

289 беттен тұратын көлемді басылымда әртістің кәсіби қалыптасуы, халықаралық сахнаға жолы, әлемнің түрлі елдеріндегі концерттері мен тыңдармандармен байланысы жан-жақты қамтылған. Кітапқа бұрын жарияланбаған архивтік фотосуреттер, сахна артындағы сәттер, жеке естеліктер және авторлық түсіндірмелер енгізілген.

Басылым бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрады:

  • Димаштың өнерге келуі және отбасы ықпалы; 
  • Әлемдік деңгейдегі танылуы;
  • Ірі концерттік алаңдардағы өнер көрсетуі;
  • Мәдени жобаларға қатысуы;
  • Шығармашылық жолындағы негізгі оқиғалардың хронологиясы.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Баспа өкілдерінің айтуынша, альбом Димаштың жанкүйерлеріне ғана емес, қазақстандық мәдениетпен танысқысы келетін халықаралық аудиторияға да арналмақ.