Ақмола облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға 7 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты азайтуды және жолдың тарылуын ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын соғып кетті, – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.
Департамент оқиға бойынша объективті тергеу жүргізілетінін хабарлады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кеткенін хабарлаған едік.