«ҚТЖ»-ның «еншілесі» шамамен 450 млн доллар қарыз алмақ. Бұл қаражат локомотивтер сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржылық кеңесші, finmentor.kz платформасының негізін қалаушылардың бірі Арман Батаевтың сөзінше, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» 93 локомотив сатып алу үшін 447 млн доллар қарыз алуда. Оның айтуынша, ірі келісім жасалғаны туралы «Қазтеміртранс» АҚ хабарлаған: 26 қарашада компания Deutsche Bank Luxembourg SA, Banco Santander SA банктерінің қатысуымен және EXIM Bank USA қолдауымен «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС-іне арналған кредиттік келісім бойынша кепілдік берген (басқа кепілгерлер – «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС).
– Кепілдік швейцариялық франк баламасындағы $447,86 млн дейінгі соманы қамтиды және SARON O/N (OverNight) + жылдық 0,48% мөлшерлемесімен 10 жылға есептелген. Қазіргі SARON мөлшерлемелері – теріс. Қаражат ЛКЗ зауытында Wabtec компаниясына тиесілі TЭ33A сериясындағы 93 жүк дизель локомотивіне дейін сатып алуға жұмсалады. Келісімді жасасу туралы шешім 2025 жылдың 5 қыркүйегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінде мақұлданған, – дейді сарапшының жарияланымында.