АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада сайлау өткізуді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Украинадағы сайлау туралы өз пікірін Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында айтты.
- Олар соғысты сайлау өткізбес үшін пайдаланып отыр, бірақ менің ойымша, украин халқының таңдау жасау құқығы болуы тиіс. Мүмкін, Зеленский жеңер еді. Мен кім жеңетінін білмеймін. Бірақ олардың біраз уақыттан бері сайлауы жоқ. Олар демократия туралы айтады, алайда іс жүзінде бұл енді демократия емес, — деді Трамп.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін елде сайлау тек Ресеймен соғыс аяқталғаннан кейін ғана өтетінін мәлімдеген. Ал Ресей президенті Владимир Путин бірнеше рет Зеленскийді Украинадағы «легитимді президент емес» деп атаған.