Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Сырым Қаржас
Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысы Кентау қаласындағы аулалардың бірінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Облыстық полиция департаменті қазір баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

– Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.

Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

– ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады полииця департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Оралдағы қоқыс жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылған еді.