БҚО-да Украинадағы соғыста қаза тапқан қазақстандық жерленді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев пен Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіровтен БҚО Бөрлі ауданы Пугачево ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан 27 жастағы Виктор Коцюбинскийдің жерленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлібек Бақаевтың айтуынша, СІМ Украинадағы «Хочу жить» жобасында көрсетілген қазақстандықтар туралы ресми ақпаратты естімеген. Биыл сәуірде Telegram-арнада Ресей әскері жағында соғысқа қатысқан болуы мүмкін Қазақстанның 661 азаматының тізімі жарияланған. 2024 жылдың соңындағы мәліметке сәйкес, олардың кемінде 78-і қаза тапқан.

— Бұл тізім жабық. Яғни ресми түрде бізге соғыс аймағындағы азаматтар туралы мәлімет берілмейді. Ал жерлеу деректері бойынша шынымен білмеймін. Бұл мәселе бойынша Қорғаныс министрлігіне жүгінген дұрыс, — деді Әлібек Бәкәев.

Сондай-ақ ол кейде Қазақстан азаматтарының туыстары көмек сұрап жүгінетінін, бірақ мұндай өтініштер тек құзырлы органдар арқылы жүзеге асатынын айтты.

— Бұл бағытта ресми ақпарат алмасу механизмі жоқ, — деп түсіндірді вице-министр.

Парламент кулуарында Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров Украинада Ресей жағында шайқасып қаза тапқан қазақстандықтарға қатысты сұрақтар оның ведомствосының құзыретіне кірмейтінін жеткізді.

КОНТЕКСТ

9 желтоқсанда Umarovnews.kz сайты Пугачево ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан 27 жастағы Виктор Коцюбинский жерленгенін хабарлады.

— Ол Ресей жағында соғысқан. Алты ай бұрын ресейлік телеарна сюжетіне түсіп, отбасына сәлем жолдап, «бәрі жақсы болады» деген. Қазір оның қабіріндегі тасқа тек туған күні (24.06.1998) және өлім мерзімі ретінде айы мен жылы ғана жазылған: 11.2025, нақты күн көрсетілмеген, — делінген репортажда.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Виктор жазда, сол телеарнадағы сюжеттен кейін байланысқа шықпай қалған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматтар 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін (ҚР ҚК 172-бап) мәлімдеген.