Пашинянның Мәскеуге қонбақ болған ұшағына дронмен шабуыл жасалған

Сырым Қаржас
Фото: baza

Бейсенбіге қараған түні Мәскеуге қонуы тиіс болған Армения премьер-министрі Никол Пашинян мінген ұшаққа дронмен шабуылы жасалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Baza телеграм-арнасының мәліметінше, Мәскеу әуежайларында «Ковер» дабылы іске қосылып, дрон шабуылы болып, Пашинян мінген ұшақ қона алмады.

Борт Мәскеуге қонуға рұқсатты шамамен бір сағат күтті, бірақ соңында Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайына бағытталған. ТАСС агенттігіне әуе диспетчерлік қызметтегі дереккөз Мәскеу уақытымен 11:30-да ұшақ Санкт-Петербургтен әлі ұшпағанын хабарлаған. Пашинян Мәскеуде өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Өткен түнде Мәскеуге жасалған дрондар шабуылы соңғы айларда ең ауқымды шабуылдардың бірі болды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин жариялаған ақпаратқа сәйкес, 11 желтоқсанға қараған түні астанаға қарай ұшқан 37 дрон атып түсірілген.