Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткенінен бейхабар болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның сөзінше, ведомство әзірше ештеңе білмейді.
- Біз әзірше ештеңе білмейміз. Қажет тексеріс жүреді, содан кейін ғана ресми жауап береміз, – дейді Мун.
ДЕРЕКТЕРДІҢ ТАРАУЫ
Еске салайық, бүгін қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген кемінде бірнеше мың оқушының жеке мәліметтері ашық тарап кеткені хабарланған болатын. Желілерде жарияланған деректердің ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген.