Жас актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтардың құрметті атақ алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Актер бұл марапатта “Алла тағала жібергенін” айтады.
- Мен оны не үшін қайтаруым керек? Маған бұл нәрсені (марапатты) Алла тағала жібергеніне 100 пайыз сенімдімін. 1-2 айдың ішінде бір жаңалығымды айтамын. Сол жаңалығыма осы нәрсе керек болды. Ол Америка, сондағы жекпе-жектеріммен байланысты нәрсе. Мен құжат жинаймын, АҚШ-қа кім екенімді көрсетуім керек. Осы марапаттың сол үшін салмағы жоғары. Президенттің қолы тұр. Алладан сұрадым, басқа ешкімнен сұрамадым. Маған берді, – дейді Еркебұл Тоқтар журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Еркебұлан Тоқтардың құрметті атақ алуы талқыға түскен болатын.