Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдан 110 миллиард теңге жоғалтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан Каспий құбыры консорциуымына жасалған шабуылдан 480 мың тонна мұнайын жоғалтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты энергетика министрі Ерлан Ақкенженов растаған.

Егер мұнайдың бір тоннасың 450 доллар деп есептесе, Қазақстан 216 миллион долларынан айырылған. Бұл теңгеге шаққанда 110 миллиард теңге. 

КОНТЕКСТ

29 қарашада Украина КҚК-ға дронмен шабулдаған. Шабуылдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаға наразылық нотасын жолдады. Астана болған оқиғаны азаматтық нысанға жасалған үшінші агрессиялық акт деп атаған. Киев дрон шабуылы Қазақстан немесе өзге тарапқа бағытталмағанын, Ресей агрессиясына қарсы өзін-өзі қорғау әрекеті екенін мәлімдеген.