Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолға шыққан жүргізушілерге ірі көлемде айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Жол жабық болғанына қарамастан қозғалған жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Бұл бап «Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» деп аталады. Жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (2025 жылы – 78 640 теңге, 2026 жылы – 86 500 теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Сонымен қатар, көлік құралын жолдың жүру бөлігіне дұрыс орналастырмау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау, ұйымдастырылған көлік колоннасын бөлу немесе көліктердің арасына кіріп кету тәрізді әрекеттер үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы – 58 980 теңге, 2026 жылы – 64 875 теңге).
ЖАБЫЛҒАН ЖОЛДАР
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар екі жол учаскесінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді: