Путин Аляскадағы кездесуде нені келіскенін айтты

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин 2025 жылдың тамыз айында Анкоридж қаласында өткен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер барысында ұсынылған компромистерге ресейлік тараптың келісім бергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол 19 желтоқсанда «Тікелей байланыс» бағдарламасында мәлімдеді.

Путиннің сөзінше, Мәскеуде алдын ала өткен кездесулерде АҚШ тарапынан ұсыныстар жасалған.

«Анкориджге келгенде біз үшін бұл оңай шешім болмайтынын айттым. Бірақ бізге ұсынылған компромистерге келісім бердік», – деді ол.

Оның айтуынша, Трамппен кездесуде ресейлік тарап «ұсыныстарды келісіп, іс жүзінде қабылдаған».

«Сондықтан біз бірдеңеден бас тарттық деу – мүлде дұрыс емес және ешқандай негізі жоқ. Ресей келіссөздерге және соғысты бейбіт жолмен аяқтауға дайын.Доп толықтай Украина мен Еуропа елдерінің жағында», – деді Путин.

БҰҒАН ДЕЙІН

Украинаға алдағы екі жылға қаржылай қолдау көрсету көздерін іздеуге арналған Еуроодақтың ең ұзақ әрі ең күрделі саммиттерінің бірі Брюссельде жұмаға қараған түні, 19 желтоқсан шамамен түнгі үште аяқталды. 

Келіссөздер барысында Еурокомиссияның екі ұсынысы қаралды: мұздатылған ресейлік активтер есебінен берілетін так называемый «репарациялық несие» және ЕО-ның ортақ қарыз алуы арқылы қаржыландыру нұсқасы.