Лас ауа: синоптиктер Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– 2025 жылғы 20 желтоқсанда Алматыда және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.