Брейкинг бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әмір Закиров Дубайда (БАӘ) өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Bi-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.
Ақтық сында Закиров америкалық Мигель Росарионы (bi-boy Gravity) жеңді. Үшінші орынды Ресей өкілі Руслан Файзрахманов (bi-boy Ruslan Footrockets) иеленді.
Айта кетейік, 2024 жылы Әмір Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Қазақстандық спортшы ширек финалға дейін жетіп, қорытындысында сегізінші орынға тұрақтаған.