УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі Қазақстанның орны қандай

Сырым Қаржас
"Қайрат" футбол клубы

Еурокубоктардағы кезекті матчтардың қорытындысы бойынша Қазақстан УЕФА коэффициенттері кестесінде 37-орынға жайғасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рейтинг жиынтық көрсеткіш негізінде қалыптасады: онда ел клубтарының сол маусымдағы орташа нәтижесі (жинаған ұпайлардың жалпы саны еурокубоктарда ел атынан қатысатын командалар санына бөлінеді), сондай-ақ алдыңғы төрт маусымдағы жиынтық көрсеткіштер ескеріледі.

Егер бірнеше қауымдастықтың ұпай саны бірдей болса, артықшылық өткен маусымда жоғары коэффициент көрсеткен елге беріледі.

УЕФА коэффициенттері кестесі (жақша ішінде – осы маусымның көрсеткіші):
    1.    Англия — 104.325 (13.486)
    2.    Италия — 92.196 (11.250)
    3.    Испания — 86.171 (11.218)
    4.    Германия — 83.402 (12.285)
    5.    Франция — 75.891 (10.714)
    6.    Нидерланд — 65.762 (7.812)
    7.    Португалия — 63.266 (10.600)
    8.    Бельгия — 57.750 (6.900)
    9.    Түркия — 48.125 (7.325)
   10.    Чехия — 46.075 (8.575)

...
   36.    Косово — 13.989 (3.781)
   37.    Қазақстан — 13.750 (3.625)
   38.    Босния және Герцеговина — 13.468 (3.062)

Осы еурокубок маусымында Қазақстан атынан бір ғана команда — алматылық «Қайрат» өнер көрсетіп жүр.