Ресей Еуроодақтың «қара тізіміне» енгізілгеннен кейін Қазақстан ресейліктердің қаржылық операцияларына бақылауды күшейткен елдердің қатарына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС КҮШЕЙДІ
Deutsche Welle мәліметінше, қосымша тексерістердің енгізілуі Ресейдің енді Еуропаның ақшаны жылыстату қаупі жоғары елдер тізіміне енуімен байланысты. Еурокомиссия желтоқсан айының басында Ресей Федерациясын терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес жүйесінде «стратегиялық кемшіліктері бар» мемлекеттер қатарына қосты.
— Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстан, Тәжікстан және Оман банктері Ресей азаматтарының транзакцияларын жеке тәртіппен тексеруді күшейткен. Ал Армения мен Сербияның қаржы ұйымдары кейбір операцияларды тіпті уақытша тоқтата бастаған. Бұл шаралар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты, — деп жазады DW.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін ресейліктер үйден шықпай-ақ қазақстандық банк карталарын ашып жүргені хабарланған болатын.