Мәскеуде Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабының жедел дайындық басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты. Тергеу деректеріне сәйкес, оның көлігіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғы қойылған, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Сарваровтың көлігі Мәскеудегі Ясеневая көшесіндегі автотұрақта шамамен таңғы 7:00-де жарылған. Ресейдің құқық қорғау органдарына жақын «База» және «Mash» Telegram-арналарының деректеріне қарағанда, жарылыс жүргізуші көлікке отырып, бірнеше метр жүрген кезде болған. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, көлік астына қойылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған.
«Тергеу кісі өлтірудің әртүрлі нұсқаларын пысықтап жатыр. Соның бірі — қылмыстың украин арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы», — деп мәлімдеді тергеу комитеті.
Тергеу комитеті кісі өлтіру және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Проект» басылымының деректері бойынша, Фанил Сарваров осетин-ингуш қақтығысы, Шешенстандағы соғыс, сондай-ақ Сириядағы операция мен Украинаға басып кіру кезінде жүргізілген әскери әрекеттерге қатысқан.