Ресей 40 мың үнді мигрантын кіргізбек

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

2026 жылы Ресейге кем дегенде 40 мың үндістандық еңбек мигранты келуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің халықаралық ұйымдармен тұрақты даму саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Борис Титов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Үндістанмен ынтымақтастық Ресейдегі жұмыс күші тапшылығын ішінара толтыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

Титов соңғы жылдары ресейлік жұмыс берушілердің үндістандық мигранттарға деген қызығушылығы айтарлықтай өскенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай мамандардың келуі Ресей экономикасы үшін маңызды. Мысалы:

  • 2022 жылы Үндістан азаматтарына шамамен 8 мың жұмыс рұқсаты берілген;
  • 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 мыңға жеткен;
  • 2024 жылы рұқсат саны 36 мыңға дейін көбейген.

ҚАЗІРГІ ЖЫЛҒЫ КВОТА

Ағымдағы жылы визалық елдерден жұмысшыларды тартуға арналған жалпы квота шамамен 235 мың адамды құрайды. Оның ішінде 72 мың орын арнайы үндістандық азаматтарға бөлінген.

ҮНДІСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ

Үндістан үшін еңбек миграциясы – валюталық кірістің негізгі көздерінің бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шетелден елге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 129 миллиард АҚШ долларына жеткен.