Украина парламентінде соғыс жағдайында сайлау өткізуге арналған арнайы заң жобасын әзірлеу басталды. Бұл туралы Жоғарғы Раданың төрағасы Руслан Стефанчук мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
УНИАН мәліметінше, Стефанчуктың айтуынша, аталған құжат бір реттік сипатқа ие болады және тек бір ғана сайлауды өткізу үшін қолданылады.
ЖҰМЫС ТОБЫ
Ззаң жобасын дайындау үшін бірінші вице-спикердің жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Оны Александр Корниенко басқарады.
Жұмыс тобының құрамына:
парламенттегі барлық фракциялар мен депутаттық топтардың өкілдері,
азаматтық қоғам мүшелері,
сондай-ақ Центральная избирательная комиссия Украины өкілдері кіреді.
ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛАДЫ
Жұмыс тобы сайлау өткізуге байланысты бірқатар маңызды мәселелерді пысықтайды. Атап айтқанда:
әскери қызметшілердің дауыс беруі,
шетелде жүрген Украина азаматтарының сайлауға қатысуы,
уақытша басып алынған аумақтарда дауыс беру мүмкіндігі,
сондай-ақ шетелдік байқаушылардың қатысуы қарастырылады.
Айта кетейік, Украинада соғыс жағдайы енгізілгеннен бері ұлттық деңгейдегі сайлаулар өткізілмеген.