Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстанды «құтқаруы» мүмкін

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан аймақтағы отын тапшылығы мәселесін шешуде өңірлік көшбасшыға айнала алады. Алайда бұл үшін елдің өз ішінде бірқатар реформалар жүргізілуі қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақтағы отын тапшылығы

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов Тәжікстанда жанар-жағармай мен энергия ресурстары бойынша жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елде газ, бензин және электр энергиясының қатты тапшылығы байқалып отыр.

Сарапшының дерегінше, Өзбекстанда да отынмен қамтамасыз ету мәселесі ушығып тұр.

Қазақстанға артылған үміт

Асқар Исмаиловтың пікірінше, Қазақстан газбен қамтамасыз ету мәселесінде аймақтық лидер бола алады. Алайда ол үшін алдымен ел ішіндегі газ саласын реформалау қажет.

- Қазақстан газ мәселесін шешуде көшбасшы рөлін атқара алар еді. Бірақ ол үшін алдымен өзімізде газ саласына реформа жасау керек. Жыл сайын 30 млрд текше метр газды жер қойнауына қайта айдау – ысырап. Егер көзқарасты өзгертпесек, бұл көлем алдағы уақытта ұлғая береді, – деп жазды ол Telegram-арнасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қытайлықтар Қазақстанның басты кен орнынан газ айдай бастайтыны хабарланған болатын.