Прокурор журналист Олег Гусевке 4 жыл түрме жазасын сұрады

Ulysmedia
ulysmedia.kz коллажы

Журналист Олег Гусевке 4 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Адвокат Жоһар Өтебековтің айтуынша, прокурор «жеке өмірге қол сұқпау заңнамасын бұзды» (147-бап, 5-бөлік) деп айыпталған Олег Гусевті 4 жылға түрме жазасына кесуді сұраған.

Олег Гусев 2023 жылы Алматыдағы "Кенжехан" базарының жаңа иелері мен базар орындарын жалға алушы саудагерлер арасындағы дау туралы мақала жазған. Тараптардың бірі туралы жазған кезде ол "азаматтың жеке және отбасылық құпия дерегін ашты" деп айыпталып отыр. Атап айтқанда, журналист сол адамның бірнеше рет сотқа тартылғанын жазған.