Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Қазақстанның бұрынғы басшысын өзінің резиденциясында қабылдаған.
Жарияланған кадрлардан Путин мен Назарбаев дөңгелек үстел басында отырғаны көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін осы резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев та болған. Кездесудің өзге егжей-тегжейі әзірше жарияланған жоқ.
КОНТЕКСТ
Бұл – олардың осы жылдағы өткен алғашқы кездесуі емес. Путин Нұрсұлтан Назарбаевты биыл мамыр айында да қабылдаған болатын.