Зеленский мен Трамп келіссөз қорытындысын жариялады

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

29 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Флоридадағы келіссөздердің қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, Вашингтон Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін толық растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Тараптар соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіру жолдарын талқылады. Жоспарда америкалық бизнестің арнайы шарттармен елге келуі және АҚШ-пен еркін сауда келісімін әзірлеу бар.

ҚАУІПСІЗДІК МЕРЗІМІ

Зеленский мен Трамп 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігіне келісті. Украина президенті бұл мерзімді 30–50 жылға дейін ұзартуды сұрады. Трамп бұл ұсынысты қарастыратынын айтты.

КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР

Жақын күндері АҚШ пен Еуропа ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері Украинада кездесу өткізбек. Кейін Еуропа лидерлерімен кеңейтілген форматтағы жиын ұйымдастырылып, одан соң Трамппен және еуропалық басшылармен бірлескен кездесу жоспарлануда. Зеленскийдің айтуынша, қадамдар кезең-кезеңімен іске асса, Ресеймен де келіссөздер белгілі форматта жалғасуы мүмкін.

БЕЙБІТШІЛІК  ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ

Зеленскийдің 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын бекіту үшін Украинада референдум қажет. Бірақ оны өткізу үшін кемінде 60 күндік атысты тоқтату керек. Ресей бұл шартқа келіспей отыр.