Назарбаев Путиннен кейін Мирзиеевпен де байланысқан

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзбекстан тарапының мәліметінше, тараптар бір-бірін алдағы Жаңа жылмен құттықтап, екі ел халықтарына бейбітшілік, тұрақтылық пен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ әңгіме барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі — тату көршіліктен стратегиялық әріптестікке дейінгі байланыс және әртүрлі бағыттағы ынтымақтастықтың дамуы атап өтілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 28 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. 

ТЫЙЫМ

Артынша Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мемлекеттік құпияны білетін экс-шенеуніктерге елден шығуға тыйым салу керегін айтқан болатын.