Ақмола облысында 1 700-ден астам мұғалім жалақысыз қалған

Сырым Қаржас
ЖИ/Ulysmedia

Ақмола облысы Ерейментау ауданының прокуратурасы білім бөлімі тарапынан жалақының уақытылы төленбеу деректерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Прокурорлардың араласуынан кейін 247 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы толық өтелді. Осылайша 1 732 мұғалімнің еңбек бойынша құқығы қорғалды.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау, жалақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін ескертеді, – делінген қадағалау органының хабарламасында.

КОНТЕКСТ

Қазақстанда "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін мұғалімдердің құқықтарының бұзылу фактілері үш есеге азайған.