Жаңа жылдың алғашқы күндері дәстүрлі түрде мерекелік демалыспен басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұмыс кестесіне байланысты қаңтар айындағы демалыс пен жұмыс күндері төмендегідей бөлінеді.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
1 және 2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне байланысты демалыс күндері;
3 және 4 қаңтар — демалыс;
5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар (сәрсенбі) — Рождество мерекесіне орай демалыс.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
1 және 2 қаңтар — мерекелік демалыс;
3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні;
4 қаңтар (жексенбі) — демалыс;
5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне байланысты демалыс күні.