DeepState: 2025 жылы Ресей Украина аумағының 0,72 пайызын оккупациялаған

Ulysmedia

2025 жылы Ресей Украина территориясының 4336 шаршы шақырымын немесе жалпы аумақтың 0,72 пайызын оккупациялағаны. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрлігіне жақын OSINT жобасы DeepState есебінде жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

2023 жылдың 1 қаңтары мен 2026 жылдың 1 қаңтары аралығында оккупацияланған аумақ 7463 шаршы шақырымға немесе жалпы аумақтың 1,28 пайызына жеткен. Жоба сарапшыларының сөзінше, 2025 жыл Украина қорғаныс күштері үшін шынымен қиын болды. Десе де, Ресей басып алған жер аумағы 4336 шаршы шақырымын немесе жалпы аумақтың 0,72 пайызын құраған.

Оккупацияланған аумақтың облыстар бойынша статистикасы мынадай:

  • Днепропетровск – 0,6%
  • Сумы – 1%
  • Харьков – 4,7%
  • Херсон – 72%
  • Запорожье – 74,8%
  • Донецк – 78,1%
  • Луганск – 99,6%

Сонымен қатар, Крым түбегі толықтай оккупацияланған болып есептеледі. Жалпы алғанда, Украина жерінің 116 165 шаршы шақырымы немесе 19,25 пайызы Ресей бақылауында.