Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 11 қаласының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астанада ауаның ластануы мүмкін.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.