Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дан ресми түрде кетті

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысы лауазымындағы қызметін ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы шешім 2025 жылғы қарашада  қабылданған.

– Жиналыс барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты ОДКБ бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім бекітілді, – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

АНЫҚТАМА

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарған, ол бұл лауазымда Станислав Засьты алмастырған. Бұған дейін Қазақстанда бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған, оның ішінде премьер-министр, Президент әкімшілігі басшысы және қорғаныс министрі болған.