Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде жаңа жылдық шыршаны өртеген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға қаланың көпқабатты үйлерінің бірінде болған. Кадрлардан кіреберісте безендірілген шыршаның лап етіп жанғанын көруге болады. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп бұзған адам сол үйдің 33 жастағы тұрғыны болып шықты.
Оның әрекеті бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру ретінде бағаланды. Әкімшілік іс Теміртау қалалық сотына жолданып, сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жеңіл көлік жүргізушісі жаңа жылдық шыршаны қағып кеткен еді.