Қар, жаңбыр және көктайғақ: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pexels.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жерорта теңізінен келген циклон айқындайды. Ол елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран соғады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Қазақстанның барлық аумағында көктайғақ, тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.

АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Температуралық фон тұрақсыз болады. Елдің батысында түнде ауа температурасы 0…–8 градусқа дейін жоғарылап, күндіз –2-ден +5 градусқа дейін болады. Орталық өңірлерде салқындау болады: түнде –10…–18, күндіз –5…–12 градус.

Оңтүстікте түнгі температура 0-ден –10 градусқа дейін, күндіз –6-дан +2 градусқа дейін болады. Оңтүстік-шығыста түнде 0…–5 градус, таулы аймақтарда –8…–13 градусқа дейін, күндіз –2-ден +3 градусқа дейін, тауларда –5…–10 градус шамасында болжанып отыр.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы –5…–13 градусқа дейін жылынып, күндіз –5…–10 градусқа дейін төмендейді.