2026 жыл халық үшін аса қиын болмайды - сарапшы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz

2025 жылды Қазақстан үшін қилы кезең деп атасақ жарасар. «Санаға салмақ салса да, мұндай реформалар сөзсіз жасалуы керек» дегенді алға тартқан Олжас Бектенов үкіметі салық және бюджет заңнамасына ауқымды өзгерістер енгізетінін жариялап, тарифтерді ырықтандырды әрі Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді қысқартуға уәде берді. Осы шаралардың аясында ел экономикасы рекордтық 6 пайызға өскенімен, халықтың нақты табыс деңгейі бұрынғыдан төмен болды. Нәтижесінде Қазақстан қай бағытқа бет алады? Экономиканың шын мәнінде сауықтыруына ма, әлде әлеуметтік толқулар мен кезекті дағдарысқа ма? Қазіргі ахуалды Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева подкаст барысында экономистер Мұрат Темірханов пен Расул Рысмамбетовпен талқылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Назарбаев Университеті жанындағы ұлттық талдау орталығының басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов экономикалық өсім Қазақстан экономикасының нақты мүмкіндіктерінен асып түскенін мойындайды.

Алайда ол мұндай өсім даму жоспарында алдын ала қарастырылғанын еске салды. Демек, үкімет формалды түрде жоспарды орындаған.

Сонымен бірге, Рысмамбетовтің пікірінше, 2026 жыл қазақстандықтар үшін биылғыдан салыстырмалы түрде аса қиын болмайды.

– Менің ойымша, президент үкімет пен Ұлттық банкті соңғы рет жинағанда: «Енді сапалы өсімге бет бұрайық», – деді. Келесі жылы өсім кез келген бағамен емес, ЖІӨ-нің сапалы ұлғаюы арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Негізі бұл – үкіметке берілген бір түрдегі индульгенция: 2026 жылы олар шығындарды оңтайландыруға және бюджет қаражатын үнемдеуге басымдық беруі қажет, – деп есептейді Расул Рысмамбетов.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыз.