ТОЛЫҒЫРАҚ
2026 жылғы 5 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:
Батыс Қазақстан облысы:
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 393-526-шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-965-шақырым аралығы (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ ауылы);
- "Ақтөбе – РФ шекарасы" автожолының 16-136-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласынан Әлімбет шекаралық өткізу пунктіне дейін);
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 22-99-шақырым аралығы (Жайсан өткізі пункті – ЭКО ойл ЖҚС);
- "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы" автожолының 0-39-шақырым аралығы (Солтүстік айналма жолы);
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін);
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-836-шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл ЖҚС –Хромтау қаласы);
- "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 11-337-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысы шекарасы).
Атырау облысы:
- "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 337-346-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 715 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.