"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде қар, бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.
Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі.
Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23-28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.