2,2 есе көп: Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы қарызы қанша

Сырым Қаржас
ЖИ/Ulysmedia

Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық банктері 2025 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша екі елдің сыртқы қарызы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗБЕКСТАН

Орталық банктің мәліметінше, елдің сыртқы қарызы – 75,4 млрд доллар (тоғыз айда 11,3 млрд долларға өскен). Оның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыз – 37,4 млрд доллар, ал корпоративтік сыртқы қарыз – 38 млрд доллар.

ҚАЗАҚСТАН

Ұлттық банктің ақпаратынша, 1 қазанда Қазақстанның сыртқы қарызы 171 млрд 413,1 млн доллар болған. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен (172,4 млрд доллар) аз болғанымен, 2025 жылдың басымен салыстырғанда шамамен 7 млрд долларға көп.

Осылайша, Қазақстанның сыртқы қарызы Өзбекстанның қарызынан 2,2 еседен астам жоғары.