"Өмір бойына сотталсын": Айзат Жұманованың анасының жанайқайы

Есдәулет Қызырбекұлы
Ulysmedia.kz коллажы

Марқұм Айзат Жұманованың анасы Салтанат Қадірбекқызы Айбар Жанболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Салтанат Қадірбекқызының сөзінше, ол күдікті қызын абайсызда өлтірді дегенмен келіспейді. 

- Мен кек алуды сұрап тұрған жоқпын. Қатігездікті сұрап отырған жоқпын. Тек бір нәрсе сұраймын: істің ашық, әділ өтуін өтінемін. Нақты жазасын алсын. Өмір бақиға сотталсын деп тілеймін. Екі жасар қызымның (немересі) шырылдағанын естідім, алтын асықтай қызымды қолына табыстап бердім, қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап өлтірді. Бір жері ғана жараланса жақсы, абайсызда болар деп ойлар едік.  Бірақ мынаған мүлде келісе алмаймын, – дейді Салтанат Қадірбекқызы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, прокурор күдікті Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұраған болатын. 

САРАПТАМА

Айта кетейік, бұған дейінгі сот процесінде сот-медициналық сарапшыдан жауап алынып, марқұмның неден қайтыс болғаны туралы айтылды.