"Өлтіремін деген ниетім болмады": Айбар Жанболат сот жарыссөзінде де кінәсін мойындамады

Есдәулет Қызырбекұлы
Ulysmedia.kz коллажы

Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта күдікті соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айбар Жанболат сот жарыссөзінде марқұм әйелі Айзат Жұманованы өлтіретін ойы болмағанын тағы қайталады. Ол бұған дейінгі сот отырысында да кінәсін мойындамаған. 

- Істеген ісімді мойныммен көтеремін. Менің өлтірейін деген ойым да, ниетім де болған жоқ. Абайсызда болған жағдай. Мұсылманбыз ғой, шайтанның арбауына түсіп қалдық деп ойлаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Жазамды толық өтейсін, – дейді Айбар Жанболат. 

Айбар Жанболат әйелі Айзат Жұманованы бетінін шапалақпен ұрғанын айтқан. Отбасылық жанжалға қызғаныш себеп болды деген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, прокурор күдікті Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұраған болатын. 

САРАПТАМА

Айта кетейік, бұған дейінгі сот процесінде сот-медициналық сарапшыдан жауап алынып, марқұмның неден қайтыс болғаны туралы айтылды.