Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 10 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Алматы және Астана қалаларында ауаның сапасы нашарлайды.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.