Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 78 қылмыстық іс қозғалды

Сырым Қаржас
Polisia.kz

Елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару деректері бойынша 78 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оның 10-ы трансұлттық сипатқа ие. Тергеу нәтижесінде қылмыстық қауымдастықтардың 299 көшбасшысы мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 

Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді. Сондай-ақ 31,7 тонна есірткі тәркіленді, бұл 12 миллионнан астам бір реттік дозаға тең. 109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 13-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша.

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ

Есірткі қылмыстарына қарсы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 31,7 тонна есірткі тәркіленді, бұл 12 миллионнан астам бір реттік дозаға тең. 109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 13-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша.

"ДРОППЕРЛІК"

Сондай-ақ 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды. 13 call-орталық жойылды, соның ішінде шетелде орналасқандары да бар. "Дропперлік" фактілері бойынша интернет-алаяқтарына көмектескен адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Киберқылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қойылды, бұл трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтату саласында халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді.