Иранда наразылық білдірушілер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Сырым Қаржас
newsland.com

Иран билігі наразылық акцияларына қатысушыларға қатысты "мемлекетке қарсы соғыс" бабы бойынша жаза қолдануды көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тегеран қаласының прокуроры Әли Салехидің мәлімдеуінше, өрт қоюға, мүлікті бүлдіруге және қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа қатысқаны үшін айыпталған наразылыққа қатысушылар өлім жазасына кесіледі.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Біздің жауабымыз тежеуші сипатта болады, ал олардың (наразылық білдірушілердің – ред.) үкімі – "мохаребех", яғни мемлекетке қарсы соғыс, – деді Салехи.

Иран заңнамасына сәйкес, "мохаребех" қылмысы үшін өлім жазасы кесіледі.

НАРАЗЫЛЫҚТАР

Иранда жаппай наразылықтар желтоқсан айының соңында ұлттық валютаның құнсыздануы мен айырбас бағамының күрт құбылуына байланысты басталды. Бұл жағдайдан кейін азық-түлік пен тұтыну тауарлары бағасы өсті.

КОНТЕКСТ

8 қаңтарда Иранның батысындағы Хамадан қаласында тәртіпсіздіктер салдарынан алты адам қаза тапты.