Іздеуде жүрген блогер желіде пайда болды

Сырым Қаржас
фото: instagram

Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Блогер өзіне іздеу жарияланғаннан кейін әлеуметтік желіде сурет жариялады. Суретте блогер ішімдік ішіп, “бәрі нормально” деп хабарлаған. 

ІЗДЕУ

Еске салайық, құқықтық статистика базасында блогерге іздеу жарияланған. Іздестіру ісі 10 қаңтарда Астанада тіркеліп, үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған, ал іздестіру жұмыстарын елорданың Экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп отыр.