TikTok-та тікелей эфирге шыққан маңғыстаулық әскери жазаланды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Бейнеу ауданында әскери қызметші кезекшілік кезінде TikTok-та тікелей эфир жүргізгені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот Бейнеу аудандық Шекара басқармасының автотұрақтағы нарядында кезекшілік атқарып жүрген әскери қызметші ұялы телефон арқылы TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирге шыққанын анықтаған. Осылайша ол қызмет барысында телефон қолдануға тыйым салатын басшының бұйрығын әдейі орындамаған. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін, төрт баланы тәрбиелеп отырғанын айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

СОТ ШЕШІМІ

Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіштің 30 пайызы мөлшерінде — 68 810 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.