2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, шетелдік онлайн-дүкендерден сатып алынған тауарларды әкелуге қатысты жаңа кедендік тәртіп күшіне енеді,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАҢА ШЕКТІ МӨЛШЕР
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша, шетелдік маркетплейстерден әкелінетін тауарларға кедендік бажсыз шек 200 еуро болып белгіленді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта қайта қаралуы мүмкін.
ҚОСЫМША ТӨЛЕМДЕР
200 еуродан жоғары сатып алуларға қосымша баж салығы енгізіледі:
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДЕКЛАРАЦИЯҒА ТЫЙЫМ
Қарапайым рәсім арқылы декларациялауға болмайтын тауарлар тізімі жасалды. Оған іштен жанатын қозғалтқыштар, ойын автоматтары, медициналық жиһаз және жеке тұтынуға жатпайтын басқа да тауарлар кірді.
АРНАЙЫ РҰҚСАТТАР
ЕАЭО елдерінде кейбір тауарларды әкелу үшін арнайы рұқсат алу тәртібі де қайта қаралады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ӘСЕРІ
Бұл өзгерістер қазақстандықтар үшін 200 еуродан (шамамен 119,2 мың теңге) асатын кез келген шетелдік онлайн-сатып алуға қосымша төлем жасау қажеттігін білдіреді. Ереже тек шетелде тіркелген маркетплейстерге қатысты.