Илон Масктың әлеуметтік желісіне қатысты тергеу басталды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Ұлыбританияның байланыс және медиа саласын реттеуші орган Ofcom Илона Масктың X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу бастады. Себеп — платформадағы жасанды интеллект құралы Grok арқылы жасалған сексуалды сипаттағы бейнелер, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУІПТІ ХАБАРЛАР

Ofcom мәлімдемесінде «өте алаңдатарлық деректер» бар екені айтылды. Чат-бот адамдардың жалаңаш бейнелерін және балалардың сексуалды сипаттағы суреттерін жасау әрі тарату үшін қолданылғаны хабарланды.

МҮМКІН ЖАЗА

Егер заң бұзушылық расталса, Ofcom X компаниясына әлемдік табысының 10 пайызына дейін немесе 18 миллион фунт стерлинг (шамамен 21 миллион еуро) көлемінде айыппұл салуы мүмкін. Қайсысы жоғары болса, сол мөлшер қолданылады.

БЛОКТАУ ҚАУПІ

Егер X реттеушінің талаптарын орындамаса, Ofcom сотқа жүгініп, Ұлыбритания аумағында интернет-провайдерлерге платформаны толық бұғаттау міндетін қоюы ықтимал.

САЯСИ РЕАКЦИЯ

Өткен аптада Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Greatest Hits радиосында Grok төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді:

«Бұл — масқара. Бұл — жиіркенішті. Бұл — мүлде қабылдауға болмайтын жағдай. X мәселені бақылауға алуы тиіс», — деді ол және шара қабылдауға уәде берді.

ПАРЛАМЕНТТЕГІ МӘЛІМДЕМЕ

Ғылым, инновациялар және технологиялар министрі Лиз Кендалл дүйсенбі күні Қауымдар палатасында Grok туралы ресми мәлімдеме жасауы күтілуде. Оның алдындағы министр, қазіргі сауда министрі Питер Кайл BBC Breakfast бағдарламасында Grok дұрыс сынақтан өтпегенін айтып, мұны «масқара жағдай» деп атады.

ЖАНЖАЛДЫ МЫСАЛДАР

«Кеше ғана бір еврей әйелмен кездестім. Ол жасанды интеллект оның суретін бикинимен Освенцим фонында жасап, интернетке жариялағанын көріп, шошығанын айтты. Бұл мені қатты жиіркендірді», — деді Питер Кайл.

BBC бірнеше мысалды зерттеп көрген. Әйелдердің суреттері олардың келісімінсіз «жалаңаштандырылып», сексуалды қалыпқа қойылған. Бір әйел өзіне қатысты 100-ден астам сексуалды бейне жасалғанын мәлімдеді.