Қырғызстан үкіметі шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құжаттың жаңартылған нұсқасына сәйкес, шетелдіктердің елде болу мерзімі азаматтығына және кіру негізіне қарай нақты айқындалған.
Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары — Қазақстан, Армения, Беларусь және Ресей — Қырғызстан аумағында қосымша құжат рәсімдемей, әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнге дейін бола алады.
Ал Өзбекстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімі әр 120 күндік кезеңде 60 күнге дейін шектеледі.
КОНТЕКСТ
Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Еділ Байсалов АҚШ Мемлекеттік департаментінің әрекеттеріне жауап ретінде америкалық азаматтар үшін визасыз режимді қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.