Қызылордадан ұшқан Air Astana ұшағы әуеден қайтуға мәжбүр болған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Air Astana ұшағы әуеден қайту бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

13 қаңтарда КС985 Алматы-Қызылорда бағытында ұшып келе жатқан Airbus A320 ұшағында техникалық ақау болуы мүмкін екенін көрсететін индикаторы іске қосылған. Қызылорда қаласының әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес ұшып кету әуежайына оралу туралы шешім қабылдады.

АҚАУ АНЫҚТАЛМАДЫ

Авиатасымалдаушының инженерлік-техникалық қызметі өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қажетті тексерулерді орындады. Ақаулар анықталмағандықтан әуе кемесі қайта пайдалануға берілді.

ЖОЛАУШЫЛАР

Алматыдағы ауа райына және Airbus NEO әуе кемелеріндегі пайдалану шектеулеріне байланысты әуе компаниясы әуе кемесін FlyArystan ұшағына ауыстыруға мәжбүр болды, осыған байланысты рейс одан әрі кідірді.

Ұшақ сағат 02.34-те Алматыдан қайта ұшып кетті. Кешігу жалпы 12 сағат 24 минутқа созылды. Тасымалдаушы рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынды. Сұраныс бойынша 36 жолаушы қонақ үйге орналастырылды.