Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі халықты жедел хабардар ету үшін мобильді құрылғылар арқылы Cell Broadcast технологиясын пайдаланып, арнайы жүйе енгізіп жатыр. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары 11 өңір анықталды. Алматы, Шымкент, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында Mass Alert ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫТАЙ СМАРТФОНДАРЫ МЕН ЕСКІ iPHONE ҮШІН ҚАУІП
Министрлік жүргізген жұмыстар барысында белгілі болғандай, қытайлық маркалардағы (Huawei, Xiaomi және басқа) кейбір смартфондарда Cell Broadcast қызметі операциялық жүйе баптауларында әдепкі бойынша өшірілген. Соның салдарынан мұндай құрылғы иелері Mass Alert арқылы жіберілетін төтенше хабарламаларды алмай қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, қауіп мына құрылғыларға қатысты сақталады:
ҚАУІПТІҢ САЛДАРЫ
Министрліктің дерегінше, аталған құрылғыларда Cell Broadcast хабарламаларын қабылдау параметрлері шектеулі болуы, мүлде болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі ықтимал. Бұл төтенше жағдай кезінде халықтың дер кезінде ақпарат алмауына әкеліп соғуы мүмкін.
МИНИСТРЛІКТІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай кеңес береді: