2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан аумағында тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Төрт жылда бір өтетін басты спорттық дода Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алда өтетін Олимпиадада 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері бойынша олимпиадалық жолдамаларға ие болды.
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Бұл шара, сондай-ақ Олимпиаданың жарыс бағдарламасы аталған телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді. Көпсалалы спорттық шараны Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдайды.